«Астана» – «Ақтөбе». Қай команда чемпиондықтан алшақтайды?

«Астана» – «Ақтөбе». Қай команда чемпиондықтан алшақтайды?

Жексенбіде, 27 қазанда Қазақстан чемпионатында 24-турдың орталық матчы өтеді.  Алматыдағы «Орталық» стадионда «Ақтөбе» мен «Астана» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Tennisi.kz  букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады. 

Қос команда турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарды бөлісіп тұр. Екеуі де 37 ұпай жинаған. Бірақ, елордалықтар бір матчқа кем өткізген. Еншісінде 41 ұпайы бар көш басындағы «Қайраттан» «Астана» екі ойын кем өткізген. Демек, чемпиондықтың тағдыры «Астананың» өз қолында. 

Апта ортасында Григорий Бабаян шәкірттері Концеренция лигасының матчында Англияда жеңіліп қайтты. Команда екінші құраммен барды. Еурокубокта абыройлы нәтижеден гөрі, «Ақтөбемен» ойынды маңызды деп шешті. Бұл ойында сүрінсе бірінші орынды иемдену қиынға соғады. Оның үстіне, қалған үш матчтың бірінде «Астана» Қостанайда «Тобылмен» ойнайды. 

«Астана» сүрінсе, чемпион атану қиындайды десек, «Ақтөбенің» ұпай жоғалтуға құқы жоқ. Осы ойыннан кейін екі матчта үш ұпайдан алса да, команданың бірінші орынға көтерілуі қиын тапсырма. 

Бірінші айналымда қос команда Ақтөбеде 1:1 есебімен тең тарқасқан. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы алдағы матчта «Астананың» жеңісіне 1,49  және «Ақтөбенің» жеңісіне 7,1 коэффициент ұсынып отыр. Тең нәтиженің ықтималдығы 3,76 деп бағаланып отыр.

«Астана» – «Ақтөбе» матчы 27 қазан Астана уақытымен 18-00-де басталады.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или