Самородов РПЛ матчында өз командасына жеңіске жетуге көмектесті

Самородов РПЛ матчында өз командасына жеңіске жетуге көмектесті

Ресей премьер-лигасының 13-турының матчында «Ахмат» сырт алаңда «Ростовты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен грозныйлық команданың пайдасына аяқталды. «Ахмат» сапынан Даниил Уткин (33-минут) пен Лечи Садулаев (36-шы және 51-ші минуттар) гол соқты; «Ростов» сапында Николай Комличенко (34) мен Мохаммад Мохеби (69) гол соқты. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахмат» сапында негізі құрамда шығып, екінші гол соғылған сәтте нәтижелі пас берді. 73-минутта алаңнан кетті. 

Осы жеңістен кейін «Ахмат» тоғыз ұпай жинады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или