ВИДЕО. «Барселона» Мадридте «Реалды» тас-талқан етіп ұтты

Мадридтік «Реал» Испания Ла лигасының 11-туры аясындағы ойында өз алаңында «Барселонадан» күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мадридте өткен кездесу 4:0 есебімен «Барселонаның» пайдасына аяқталды. Роберт Левандовски дубль (54-ші және 56-шы минуттар) авторы атанды, Ламин Ямаль (77-ші) және Рафинья (84-ші) бір-бір голдан соқты. Айта кетейік, бұл матчта «Реал» фаворит саналды.
Бұл жеңістен кейін бірінші орындағы «Барселона» 30 ұпай жинап, 24 ұпаймен қалған «Реалдан» алты ұпайға озды. Испания чемпионатының келесі турында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Валенсиямен» ойнаса, «Барселона» өз алаңында «Эспаньолды» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или