Кирилл Кекер жұмысынан босату туралы өтініш жазды
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер өз алаңында «Жеңістен» жеңілгеннен кейін орнын босатты.
Маман клубтан кетуге ниетті және өз еркімен кету туралы өтініш жазған.
Кекер беларустық бапкер Александр Седнев кеткеннен кейін «Ордабасы» тізгінін ұстады. Ол маусымның соңына дейін келісімшартқа отырған еді.
Бұған дейін команда қонақта «Тобылдан», сондай-ақ өз алаңында «Астанадан» ұтылып, чемпиондық үшін күресте өз мүмкіндіктерін нашарлатты.
Дереккөз: sportplustv.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или