«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді
Новосібірдегі «Сибирь-Арена» стадионында «Сибирь» мен «Барыс» арасында ҚХЛ чемпионатының кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздар қатарынан Әділ Бекетаев, Антон Бурдасов және Иван Николишин гол соқты.
Осылайша, «Барыс» биылғы маусымда алғаш рет қатарынан екі ойында жеңіске жетті. Соңғы матчта қазақстандық клуб Минскінің «Динамосын» 2:1 есебімен жеңді.
29 қазанда «Барыс» өз алаңында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или