Оралхан Өміртаев: Қазақстан сапында өте қатты өнер көрсеткім келеді

Оралхан Өміртаев: Қазақстан сапында өте қатты өнер көрсеткім келеді

Беларусиялық «БАТЭ» клубының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Қазақстан құрамасы мен Станислав Черчесов туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Өзінің ұлттық командасының жейдесін кигісі келетін кез-келген футболшы секілді мен де Қазақстан құрамасының сапында өте қатты өнер көрсеткім келеді. Қазір Станислав Черчесов шақырған жоқ, бірақ келесіде жолым болатын шығар. Маған тек тер төгіп, ары қарай да шеберлігімді шыңдай беру керек», - деді «БАТЭНІҢ» шабуылшысы. 

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев ұлттық команда сапында 5 бәсекеге қатысып, екі гол салған. Отандасымыз Беларусьтің жоғары дивизионында 22 матчта өнер көрсетіп, сегіз рет мергендік танытып, бір голдық пастың авторы атанды. Оралхан Өміртаев «Слуцк» пен «БАТЭДЕН» бөлек Қазақстанда «Ақжайық», «Шахтер», «Тобыл» мен «Атырау» командаларының қатарында доп тепкен болатын.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или