«Астана» - «Бенфика». Жеңіліссіз серия жалғасын тапты

«Астана» - «Бенфика». Жеңіліссіз серия жалғасын тапты

Қазақстан намысын кәріқұрлықтағы ең беделді додаға қорғап жүрген «Астана» командасы елордадағы соңғы матчын Португалияның «Бенфикасына» қарсы өткізді.

Қазақстан Кубогының финалында сүрінген елордалықтар бұл жолы негізгі құраммен алаңғы шықты. Ал қонақтар сапында бірқатар беделді ойыншылар болмаған еді. Алғашқы минуттан қос команда шабуылда ден қойды. Алайда бірінші қауіпті сәт тек 12-ші минутта орын алды. Бұрыштама добынан кейін Жардел қақпаға соққы жасағанмен, Эрич мінсіз. 18-ші минутта таблодағы есеп ашылды. Алаң иелері сапынан Жуниор Кабананга сол қапталмен шабуыл бастап, айып алаңындағы Твумасиға әуелетіп пас көтерді. Ал соңғысы өз кезегінде допты Жулио Цезарьге қарама-қарсы бағыттап, есепті командасын алға шығарды. Он минут өтісімен «Астана» ойыншылары есепті еселеді. Фокси Кетевоама көтерген допты Бранко Илич арқасымен қақпаға дәл бағыттай білді. Бұл голдан кейін қонақтар есепті қысқартуға асықты. Алғашқы таймның аяқталуына 5 минут қалғанда Рауль Хименес командасының бірінші голын соғып, есептегі айырманы бір голға қысқартты.

Екінші таймды алаң иелері белсенді. Бірде «Астана» ойыншылары қақпадан қиыс кетіп жатса, енді бірде қонақтардың қақпашысы Жулио Цезарь өз деңгейінде ойнай білді. Дегенменде алаң иелерінің ұмтылысына қарамастан, есеп өзгермеді. Тек 72-ші минутта оң қапталдағы командаласынан пас алған Рауль Хименес екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Бұдан кейін қос команданың футболшылары сәл шаршағандай, белсенділігі төмендей түсті.

Осылайша, матч аяқталғанша есеп өзгермеді. «Астана» осымен қатарынан үшінші рет Чемпиондар Лигасының аясында өз алаңында тең нәтиже көрсетті.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең.

«Астана» (Астана) – «Бенфика» (Лиссабон) 2:2 (2:1)

Голдар: 1:0 – Твумаси (19), 2:0 – Аничич (31), 2:1 – Хименес (40), 2:2 – Хименес (72).

«Астана»: Эрич, Илич, Постников, Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Мұжықов, Кетевоама (Жуков, 87), Твумаси (Дедечко, 90+1), Кабананга (Щеткин, 85).

«Бенфика»: Жулио Сезар, Силвиу (Алмейда, 65), Элизеу, Лопес, Жардел, Санчес, Самарис (Талиска, 65), Пицци, Гуэдеш, Хименес, Жонас (Кристанте, 80).

Ескертулер: Хименес (22), Лопес (44), Жонас (49), Каньяс (50), Щеткин (90+3).

Төрешілер: Р. Букке, Г. Дебар, С. Гренгор (бәрі – Франция)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или