ВИДЕО. Месси қатарынан екінші рет хет-трик авторы атанды

ВИДЕО. Месси қатарынан екінші рет хет-трик авторы атанды

MLS аясында «Интер Майами» өз алаңында «Нью-Инглэнд Революшн» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Форт-Лодердейлдегі DVR стадионында өтіп, 6:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Лионель Месси хет-трик, Луис Суарес дубль авторы атанды.Бенха Кремаски тағы бір гол соқты. Сондай-ақ, Месси бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Бұл Интер Майамидің MLS тұрақты маусымындағы соңғы ойыны. Команда мерзімінен бұрын чемпион атанып, плей-офф кезеңіне өтті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или