«Ливерпуль» – «Челси». АПЛ көшбасшысы көш түзеген «Челсиді» жеңе ала ма?

«Ливерпуль» – «Челси». АПЛ көшбасшысы көш түзеген «Челсиді» жеңе ала ма?

Жексенбіде, 20 қазанда Ағылшын чемпионатында 8-турдың орталық матчы өтеді. «Энфилд» стадионында «Ливерпуль» мен «Челси» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Tennisi.kz  букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады. 

Алаң иелері 18 ұпаймен Ағылшын чемпионатында жеке көш бастап тұр. Жеті ойында алты мәрте ұтқан. Тек «Ноттингем Форест» командасына қарсы өз алаңында күтпеген жерден (0:1) жеңілді. Осы маусымдағы барлық турнирлерді есепке алатын болсақ, мерсисайдтықтар он кездесудің тоғызында жеңіске жетті. Гол айырмасы 23:4.

Алдыңғы 7 турда 14 ұпай жинаған «Челси» Премьер-лиганың чемпионат кестесінде «қызылдардан» небәрі 4 ұпайға ғана қалып келеді. Лондондықтар турнирдің басында «Манчестер Ситиден» жеңіліске ұшырады, содан кейін алты ойындық жеңіліссіз сериясын тіркеді. Бұл нәтиже ұжымға Премьер-Лиганың ең мықты командаларының тобына кіруге мүмкіндік береді.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы алдағы матчта «Ливерпульдің» жеңісіне 1,60 және «Челсидің» жеңісіне 5,10 коэффициент ұсынып отыр. Тең нәтиженің ықтималдығы 4,40 деп бағаланып отыр.

Қонақтар осы турнирде қатарынан өткізген 13 матчта қақпаға кемінде 3 рет дәл соққы бағыттаған, сондықтан статистика әуесқойлары үшін жақсы нұсқа бар: «Челси» қақпаға кемі дәл үш соққы бағыттайды деп, 1,36 коэффициентке бәс тігуге болады.

«Ливерпуль» мен «Челси» арасындағы ойын 20 қазан күні өтіп, Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или