Мексика футболының аңызы құрамадағы мансабын аяқтады

Мексика футболының аңызы құрамадағы мансабын аяқтады

Мексика футболының аңызы Андрес Гуардадо құрамадағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Андрес Гуардадо АҚШ-қа қарсы өткен ойынның (2:0) 19 минутында алаңдағы орнын босатып, құрамадағы мансабына нүкте қойды.

38 жастағы жартылай қорғаушы – Мексика құрамасында ең көп матч (182) өткізген ойыншы.

Сондай-ақ Андрес бес Әлем чемпионатына қатысқан. Мұндай нәтижемен одан бөлек тағы бес ойыншы ғана мақтана алады.

Гуардадо қазір Мексикадағы «Леон» клубында ойнайды. Оған дейін «Атлас», «Депортиво», «Валенсия», «Байер», ПСВ және «Бетистің» намысын қорғаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или