ҚПЛ-дың ең жас дебютанты «Қайрат» академиясынан бас тартқан

ҚПЛ-дың ең жас дебютанты «Қайрат» академиясынан бас тартқан

Қазақстан құрамасының және беларусь БАТЭ командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында жастар турнирлерінде «Қайрат» академиясымен болған текетірес туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Балалар деңгейінде «Қайрат» академиясы ерекше. Бұл командамен бәсекелесу қаншалықты қиын?

— «Қайрат» академиясында өте мықты командалар мен ойыншылар бар. Олармен ауыр матчтар болды. Алматыға қарсы матчтар қашанда принципті сипатта болды. Оның үстіне біздің жаста Әлібек Қасым, Рамазан Оразов, Артур Шушеначев оларда ойнады. Қазір Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырылатын футболшылар.

— Сізді «Қайрат» академиясына шақырды ма?

– Иә, мені олардың академиясына шақырды, бірақ мен бас тарттым.

Естеріңізге сала кетейік, Өміртаев «Шахтер» сапында Премьер-Лигадағы ең жас дебютант. Шабуылшы алғаш рет КПЛ матчында алаңға 16 жас, 7 ай және 19 күнде шыққан.

Шабуылшы қазір БАТЭ сапында ойнап жүр. Беларусь чемпионатында сегіз матчта төрт гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или