Погбаны өз қатарына қосқысы келетін клуб белгілі болды

Погбаны өз қатарына қосқысы келетін клуб белгілі болды

Америкалық «Лос-Анджелес» «Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погбаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін 31 жастағы француздың «Ювентуспен» келісімін үзіп, еркін агент болатыны туралы ақпарат пайда болған.

Өткен жылдың тамыз айында Погба допинг сынамасынан оң нәтиже берген болатын. 29 ақпанда допингке қарсы сот жартылай қорғаушыны төрт жылға спорттан шеттету туралы шешімді растады. Сот Погбаның жарыстан шеттетілгенін жариялағаннан кейін спортшы апелляциялық шағым түсірді. Оны қарау қорытындысы бойынша Спорттық арбитраждық сот (CAS) дисквалификация мерзімін 18 айға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Погба Франция құрамасымен әлем чемпионы. Сондай-ақ француз Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или