Черчесов 0:4 есептен кейін: Бұл үлкен жеңіліс деп айта алмаймын

Черчесов 0:4 есептен кейін: Бұл үлкен жеңіліс деп айта алмаймын

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасында Австриядан жеңілген(0:4) матчқа қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттар лигасындағы кездесу 4:0 есебімен аяқталды

— Есеп 0:4 болғанда, көп нәрсе айтудың қажеті жоқ. Көп қателестік. Гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдаланбадық, қарсылас дер кезінде жазалады. Ойынның қарқыны өте жоғары болды. Австрия өз бабында екен. Тамаша ойнады. Біз олардың прессингте жақсы екенін білдік. Үлкен жеңіліс деп айта алмаймын. Сабақ алуымыз керек. Жеңіліске қарамастан, мен Словениядағы ойынмен салыстырғанда прогресс байқадым. Келесі ойындарға үлкен тәжірибемен келетінімізге сенімдімін», - деді Черчесов.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениямен ойнайды. Ойын 13 қазан күні Алматыда өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или