Мессидің Аргентинасы әлем чемпионатына іріктеу матчында Венесуэланы жеңе алмады
Қазанның 10-нан 11-іне қараған түні Венесуэладағы «Монументаль де Матурин» стадионының алаңында 2026 жылғы әлем чемпионатына Оңтүстік Америка іріктеу турнирінің 9-шы турының Венесуэла мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Ойынның 13-минутында аргентиналық орталық қорғаушы Николас Отаменди есеп ашты. 65-минутта венесуэлалық шабуылшы Саломон Рондон қарымта голды соқты. Әлем чемпиондарының капитаны Лионель Месси матчты толық өткізді.
Аргентина құрамасы тоғыз матчта 19 ұпай жинап, КОНМЕБОЛ әлем чемпионатының іріктеу кестесінде көш бастап тұр. Венесуэла 11 ұпай жинап, әлем чемпионатына тікелей шығу аймағына көтеріліп, Бразилия құрамасын жетінші орынға сырғытты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или