Руй Витория: «Жарақат алған ойыншыларға қарамастан ертең жеңіске жетеміз деген ойдамын»

«Бенфиканың» бас бапкері Руй Витория Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Астанаға» қарсы ойын жайлы өз пікірін айтты.

— «Спортингтен» ұтылғаннан кейін команданың көңіл-күйі қалай?

— Бізде ертең өте маңызды кездесу күтіп тұр. Ауыр ойын болатынын түсінеміз. «Астанамен» өткен Лиссабондағы бірінші кездесуде еске түсірсек, онда қазақстандық ұжым өте ұйымшыл ойнады. Ол кезде біз әділетті жеңіске қол жеткіздік. «Астананың» өз алаңындағы соңғы екі кездесуін көрдік. Жанкүйерлердің қолдауы мені таң қалдырды. Осы фактор «Астанаға» көмек болатыны анық. Жарақат алған ойыншыларға қарамастан біз ертең жеңіске жетеміз деген ойдамын.

— «Астана» өз алаңында Чемпиондар лигасында әлі ешкімнен ұтылған жоқ. Қалай ойлайсыз, сіздің командаңыз бұл серияны тоқтата алады ма?

— Біз ауыр топқа түскенімізді білгенбіз. Ертеңгі ойын өте тартысты болады. «Астана» – мықты ұжым, өз алаңында соңына дейін ойнайды. Бірақ біз жеңіс үшін келдік.

— Жарақат алған Гайтана мен Луизаоның орнын кімдер алмастырады?

— Ертең көреміз.

— Жасаңды алаңда ойнау сіздің командаңыз үшін үлкен кедергі болады ма?

— Әрине, жасаңды алаңда ойнау бізге қиындық тұғызады. Бірақ, – 15 суықта далада ойнағаннан қарағанда жасаңды алаңда ойнаған дұрыс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или