Станимир Стойлов: «Бірлігіміз жарасса, кез келген команданы жеңеміз»

Бүгін баспасөз маслихаты барысында елордалық футбол клубының жаттықтырушысы Станимир Стойлов команданың өз алаңында өтетін ойында жеңіске ғана ұмтылатынын мәлім етті.

- «Бенфика» - өте күшті, аса салмақты команда. Әрине, алаң иелері күресуге, жеңіске жетуге тырысады. Егер барлық мүмкіндікті дұрыс пайдалана алсақ, ұпай алуға мүмкіндігіміз бар. Қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, аянып қалмаймыз. Меніңше, футболшылар өздеріне қандай жауапкершілік жүктелгенін біледі, - деді болгариялық маман.

Оның айтуынша, «Қайрат» командасының жеңісі ойыншылардың көңіл-күйіне әсер еткен жоқ. 10 күннің ішінде футболшылар біраз демалды, ал «Қайратпен» өткен кездесу ойын барысына ілесу үшін керемет мүмкіндік болды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы ойындары аясында «Астана» командасы өз алаңындағы кездесулерде жеңілген емес.

- Біздің алаң - біздің қорған деп ұдайы айтамын. Бар күшімізді салып, өз алаңымызда кез келген еуропалық команданы ұтуға тырысуымыз керек, - деді ол. - Өз алаңымызда жеңілмей келе жатқанымызға белгілі бір деңгейде жасанды алаң да септігін тигізді, бұл бізге біраз басымдық береді, алайда кәсіпқой футболшы үшін бұл қиындық тудырмауға тиіс.

astana.gov.kz/kk/ сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или