«Қазақстан аруы – 2015» бойжеткендері «Астана» – «Бенфика» матчын тамашалайды

«Қазақстан аруы – 2015» байқауына қатысушылар ертең «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» – «Бенфика» арасындағы матчқа қатысып, біздің футболшыларға қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде бүгін Астанада Қазақстан аруы – 2015» байқауына арналған баспасөз мәслихатында танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мәлімдеді.

«Егер бойжеткен сұлу болса, оған тек сахнаға шығып, өз тәжін жеңіп алса болды деп ойламау керек. Негізінде, бұл өте үлкен еңбек. Арулардың алдында тұрған бағдарламаға қарап-ақ бұл өте ауқымды жұмыс екенін түсінуге болады. Ертең қыздар Қан орталығына барады. Содан кейін дәл сол күні кешке «Астана» – «Бенфика» командалары арасындағы ойында біздің футболшыларға қолдау көрсетіп, Астана Арена стадионында болады. Келесі күні, 26 қарашада 20 келілік торт, түрлі ойыншықтармен «SOS Kinderdorf» балалар ауылына барып, балаларды қуанышқа бөлейді. Сонымен қатар, осы күні, елордадағы «Замандас» аула клубында болып, ондағы балалар үшін арнайы дефиле өткізеді және «Астана» баскетбол клубының шеберлік сабағына қатысады», – дейді Д.Сәтжан.

Сонымен қатар, «Қазақстан аруы – 2015» байқауына қатысушылардың 27 қарашада қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемедегі қайырымдылық шарасы да жоспарланып отыр.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или