«Бенфика» ойыншылары Астананың аязына сақадай сай дайын келген

Қазақстанға жол тартқан «Бенфика» командасы барынша суыққа төзімді болуға дайындалған.

Бұл туралы Record басылымы мәлім етті.

«УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі матч Астанада ертең сағат 21:00-де басталады (Португалия уақытымен 15:00). Осы уақытта қалада 2-ден 4 градусқа дейін аяз көтеріледі деген болжам бар. Соңғы күндері Астанада аяз 15 градустан жоғарыламапты. Дегенмен спортшылардың тоңып қалуы да әбден мүмкін», - дейді португалиялық БАҚ өкілдері.

«Бенфика» футболшылары термо-шұлық, жылы бас киімдер мен қолғаптарын сайлап келген екен. Мұзға төзімді аяқ киімдерді де ойластырған. Сондай-ақ, команда өзімен бірге Қазақстанға 5 қап суыққа қарсы дәрі-дәрмек, 20 қап жылы киім дайындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или