Станимир Стойлов: «Командада бәсекелестік болса, ойын сапасы да болады»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасындағы «Бенфикаға» қарсы матч алдында өз командасы туралы пікірін айтты.

– Егер келешек және әрі қарайғы даму туралы ойлайтын болсақ, командаға «жаңа қан» керек. Келесі жылы «Астанадан» барлығы үлкен жеңістерді күтеді. Егер «жаңа қан» болмаса, онда қауіп бар, команда ойдағыдай ойнай алмайды. Ал ол болған жерде, агрессия, бәсекелестік бар. Егер жақсы бәсекелестік болса, онда ойын сапасы да болады.

Алайда команданың бас тәлімгері өзінің қамқорлығындағыларға сенуден таймайды.

– Біздің жоспарларымыз жеңіске бағытталған. Ойынның басында бәрі де жеңеміз деп ойлайды, бірақ ол алаңдағы ойында байқалуы тиіс. Алдын ала ештеңе айта алмайсың. Мен әрқашан өз командамның жеңісіне сенемін, егер мен сенбесем, оларға жаттықтырушы болмас едім, – дейді команда тәлімгері.

Айта кетейік, «Астана Арена» стадионының кассаларында «Астана» және «Бенфика» футбол клубтарының арасында Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің ойынына билет сату ашылды. Билеттерді онлайн режимінде, сондай-ақ «Астана Арена» стадионы кассаларында, «Меломан» және «Астана билеттері» дүкендер желісінен сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или