«Ертіс» командасы Бірінші лигаға жолдама алды
«Ертіс» командасы Екінші лиганың ХХІІ турында «Қызыл-Жар» жастар командасын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша павлодарлық клуб «Солтүстік-Шығыс» конференциясында топ жарды.
Sport Plus Qazaqstan сайтының мәліметінше, еліміздің бес дүркін чемпиондары биылғы маусымда 18 рет жеңіске жетіп, 2 рет тең түскен және 2 рет жеңілген.
Жалпы жиынтығы 56 ұпай жинаған Николай Гавриш жаттықтыратын команда қарсыластар қақпасына 70 гол соғып, үздік көрсеткіш көрсетті.
«Ертіс» футбол командасының шабуылшысы Арман Смаилов 19 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или