«Астана» - «Бенфика» матчына болжам жасалды
<p>
<strong>Қарашаның 25 күні «Астана» Чемпиондар лигасы аясында өз алаңындағы соңғы матчын өткізеді. Станимир Стойловтың шәкірттері «Бенфикамен» ойнайды. «Астана Аренадағы» сағат 21.00-де басталатын матчты «Таң» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.</strong></p>
<p>
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, бұл ойында фаворит қонақтар болып отыр. «Бенфиканың» жеңіске жетуіне 1.77, «Астананың» жеңуіне 4.60 коэффициент қойылды. Ал ойынның тең аяқталу коэффициенті − 3.37.</p>
<p>
Еске сала кетейік, «Астана» төрт тур қорытындысы бойынша екі ұпаймен С тобының соңғы орнында тұр. Ал «Бенфика» тоғыз ұпаймен топта көш бастады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или