Малик Кушалиев: «Биылғы маусымға қойылған мақсаттардың тек жартысы ғана орындалды»

«Қайрат» футбол клубының директоры Малик Кушалиев жанкүйерлерімен өткен ашық кездесуінде биылғы маусымды қорытындылады.

«Маусым басында біз бірқатар мақсат қойған болатынбыз. Яғни, бұл ел чемпионаты мен кубогын жеңу және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. Бұл мақсаттардың тек жартысы ғана орындалды. Жаңа маусымға да тура осы мақсаттарды қоямыз.

Владимир Вайсспен келісімшарт осы жылдың соңында аяқталады. Алдағы уақытта оның командада қалу-қалмауы туралы шешім қабылдаймыз. Тоқтар Жаңғылышбай, Ұлан Қонысбаев пен Джордже Деспотовичтің келісімі соңына жетті. Үш ойыншыны да біз жалға алған болатынбыз. Тоқтар мен Ұлан өз клубтарына оралады, ал Деспотовичпен біз әлі де келіссөз жүргіземіз», — деді Малик Кушалиев.

bnews.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или