Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды

Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды


Италиялық «Кальяри» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Капоне 44 жасында қайтыс болды.

«Кальяри» клубының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Экс-футболшының денесі жексенбі күні таңертең Кальяри қаласындағы қонақүйден табылды. Ол достарымен кештен кейін қонақүйде түнеген және болжам бойынша, құлап, басынан жарақат алған», – делінген ақпаратта.

«РИА Новости» мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша 43 жастағы Капоне кездейсоқ баспалдақтан құлап, басынан соққы алған.

Дереккөз: sportplustv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или