Жеңіске жетелейтін – жеңіліссіз серия

Жеңіске жетелейтін – жеңіліссіз серия

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңнің аяқталуына екі тур қалды. «Астана» әлі де еурокубоктағы жорығын жалғастыру мүмкіндігінен айырылған жоқ. Осы тұрғыда «PROCПОРТ» тілшісі елордалық команданың қалған екі ойындағы мүмкіндігін зерттеп көрді.

Міне, елімізде де футбол маусымы аяқталды. Қатарынан екінші рет ел чемпионы атанған «Астана» ел кубогының финалында алматылық «Қайратқа» жол беріп қойды. Тартысты өрбіген ойында Владимир Вайсстың шәкірттері Деспотовичтің соққан қос голы арқасында жеңісті жұлып алды. Енді елордалық ұжым үшін биылғы маусымда тек екі кездесу ғана қалды. Екеуіде - Чемпиондар лигасының матчтары. Алдағы «Бенфикаға» қарсы маңызды ойын алдында Станимир Стойлов «Қайратпен» ойынға Рохер Каньяс пен Бранко Иличті шығармады. Мұндай қадамның өз себептері болды. Колумбиялық ойыншы қазіргі таңда «Астананың» ең мықты ойыншысы. Бранко Иличке болса Украинаға қарсы өткізген екі ойыннан кейін демалыс берілді. Қос ойыншы да «Бенфикамен» өтетін ойынға сақадай сай дайын. «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловтың айтуынша, алдағы «Бенфикамен» ойын өте маңызды әрі шешуші. Басты мақсат – жеңіске жетіп, Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алу. Бұл үшін, кем дегенде өз алаңында «Бенфиканы» ұтып, соңғы турда «Галатасарайдан» жеңілмеу қажет.

«Бенфика» болса бір аяқпен Чемпиондар лигасының 1/8 финалында. Астанаға «Галатасараймен» ойында қызыл қағаз алған, команданың жұлдызы Николас Гайтан келе алмайды. Сондай-ақ, 10 сағаттық ұшу жолын ескерсек, «Бенфика» үшін «Астана Аренадағы» ойын өте ауыр болатыны түсінікті. Бұған қоса «Астананың» ауа-райы да ойыншыларға кедергі болуы мүмкін. «Бенфика» үшін қыс мезгілінде ойнау үнемі ауыр түсетін. «Зенитпен» өткен ойынды еске түсіруге болады. Онда португалиялық ұжым суыққа үйрене алмай, питерлік командадан жеңілген болатын. «Астана» үшін тағы бір қолайлы фактор – бұл өз алаңындағы жеңіліссіз сериясы. Яғни, еурокубокта. Биыл Стойловтың командасы еурокубокта өз алаңында еш жеңілмеген: «Марибормен» – 3:1, ХИК-пен 4:3, АПОЭЛмен – 1:0, «Галатасараймен» - 2:2 және «Атлетикомен» 0:0 түсті. Бұл серия әлі де жалғасады деген ойдамыз. Бұған қоса алдағы жеңіс «Астана» үшін тарихи болмақ. «Бенфика» әзірге Португалия чемпионатында үздік үштіктің қатарында жүр. «Бенфикамен» өткен бірінші матчпен салыстырсақ, қарымта ойында көп нәрсеге өзгере қоймас. Бірінші таймды жақсы өткізген қазақстандық команда, екінші кезеңде Гайтанның жеке шеберлік қасиетінің арқасында гол жіберіп алған болатын. Бұл жолы аргентиналық талантты футболшы болмайды. Ал «Бенфиканың» ойыны көбінде Гайтан арқылы жүретіні анық. Соған қарамастан да лиссабондық клуб сапында Джонас, Митроглу, Рауль Хименес, Самарис сынды шебер ойыншылары бар. «Астана» сапында болса «Бенфикамен» ойынға Бауыржан Жолшиев қатыспайды, есесіне бес матчқа шеттетілген Патрик Твумаси Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші кездесуін өткізбек. Яғни, Жолшиевтің орнын осы Твумаси алмастырады. Оның жылдамдығын ескерсек, «Бенфика» ойыншыларын қарымта шабуылмен тоқтатуға болады. Жанкүйерлердің қолдауы арқасында Станимир Стойловтың командасы алдағы сәрсенбі күні күшті ойын көрсетеді деген үміттеміз. Жалпы, бұл ойында біздің жігіттер бар күштерін салып, бізге қажет қолайлы нәтижеге жетуіне тілектеспіз.

Ал «Галатасарай» жайлы айтатын болсақ, жақында ғана Хамза Хамзаоглуды жұмыстан босатқан ыстамбұлдық клубты уақытша бразилиялық атақты қақпашы Таффарел баптайды. «Галатасарай» үшін жағдай қиын, себебі келесі ойында олар сырт алаңда «Атлетикомен» күш сынасады. Астанада ұпай жоғалтқан Диего Симоененің командасы бұл жолы тек жеңіс үшін ғана ойнайтыны анық.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или