26 қыркүйектегі УЕФА Еуропа лигасы матчтарының қорытындысы
Бейсенбі, 26 қыркүйекте УЕФА Еуропа лигасының 2024/2025 жылғы маусымының жалпы кезеңінің 1-ші турының ойындары өтті. Назарларыңызға аталған күні өткен кездесулердің қорытындысын ұсынамыз, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 қыркүйектегі УЕФА Еуропа лигасының матчтарының нәтижелері:
«Мальмо» (Швеция) – «Рейнджерс» (Шотландия) – 0:2; «Фенербахче» (Түркия) – «Юнион» (Бельгия) – 2:1; «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) – Виктория Пильсен (Чехия) – 3:3; «Аякс» (Нидерланды) – «Бешикташ» (Түркия) – 4:0; «Брага» (Португалия) – «Маккаби» Тель-Авив (Израиль) – 2:1; «Лион» (Франция) – «Олимпиакос» (Грекия) – 2:0; Рома (Италия) - Атлетик Бильбао (Испания) - 1:1; «FCSB» (Румыния) – «RFS» (Латвия) – 4:1; «Тоттенхэм» (Англия) – «Қарабаг» (Әзербайжан) – 3:0.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымнан бастап турнир жаңа форматта өтуде. Енді Еуропа лигасында топтық кезең болмайды. Оның орнына жалпы (немесе лигалық) кезең пайда болды.
Сегіз турдың қорытындысы бойынша 36 клубтан тұратын кесте құрылады. Алғашқы сегіз команда 1/8 финалға өтеді, ал 9-24-орынға дейінгі клубтар 1/8 финалға өту құқығы үшін плей-офф ойындарын өткізеді.