«Реал» Испания чемпионатындағы матчта жеңіске жетті
Мадридтік «Реал» Испания Ла лигасының 7-туры аясындағы ойында өз алаңында «Алавесті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мадридте өткен кездесу 3:2 есебімен «Реалдың» жеңісімен аяқталды. Алаң иелері сапында Лукас Васкес (1-минут), Килиан Мбаппе (40-шы) және Родриго (48-ші) гол соқты; «Алавес» сапында Карлос Бенавидес (85) мен Кике Гарсия (87) мергендік танытты.
Осы жеңістің арқасында «Реал» 17 ұпай жинады. Көшбасындағы «Барселонадан» бір ұпай ғана қалып тұр, бірақ каталондықтар әлі өз ойынын өткізген жоқ. Жеті ойыннан кейін «Алавестің» еншісінде әлі 10 ұпай бар.
Сондай-ақ, «Реалдың» Испания чемпионатындағы жеңіліссіз сериясын 39 матчқа дейін ұзартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или