Родри осы маусымда алаңға шықпайды

Родри осы маусымда алаңға шықпайды

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри ауыр жарақат алып, маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия чемпионатының 5-ші турындағы «Арсеналға» қарсы ойында (2:2) Родри тізесін жарақаттап алып, 21-минутта алаңнан шығып кетті. Ойыннан кейін дәрігерлер испандық футболшының крест тәрізді байламы үзілген деген диагноз қойды. 

2024/25 маусымында Родри үш матч өткізді. «Манчестер Ситидің» ойынына келетін болсақ, өткен бес матчтан кейін Пеп Гвардиола командасы 13 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или