Қазақстандық клубтың футболшылары жаттығудан бас тартты
Екібастұз командасының ойыншылары жалақы мен сыйақы бойынша қарыздары өтелемегендіктен, наразылық ретінде жаттығуға барғылары келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтағы дереккөздің айтуынша, кейбір ойыншылар 2024 жылдың маусымынан бері жалақы алмаған. Команда екі күн бойы жаттығу процесіне қатыспайды.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсетіп, 39 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында келеді. Бұған дейін клубқа ҚПЛ-ға көтерілу міндеті жүктелген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или