«Арсенал» түлегі есірткі контрабандасы үшін айыпталды

«Арсенал» түлегі есірткі контрабандасы үшін айыпталды

Ағылшын футболшысы, «Арсеналдың» түлегі Джей Эммануэль-Томас есірткі контрабандасымен айналысты деп айыпталуда, деп хабарлайды Prosports.kz

Ойыншы Ұлыбританиядағы Стэнстед әуежайында чемодандарынан 600 мың фунт стерлингтік марихуана табылғаннан кейін қамауға алынды.

Футболшыға есірткі контрабандасы және салық төлеуден жалтарған деген айыптар тағылды.

33 жастағы Эммануэль-Томас қазір шотландиялық Гринок Мортон клубында ойнайды. Ағылшын 2009-2011 жылдар аралығында «Арсеналдың» ойыншысы болды, команда сапында 2 матч өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или