El-Clasico. «Барселона» «Реал» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты

Футболдан Испания чемпионатының 12-турында каталониялық «Барселона» қонақта мадридтік «Реалды» тас-талқан етті.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу алаң иелері үшін сәтсіз аяқталды. Испанияның қазіргі чемпиондары «Корольдік клубтың» қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытты. 11-минутта Серхио Робертоның тамаша пасынан кейін Луис Суарес есеп ашса, бірінші тайм аяқталар тұста Неймар қанжығасын майлады. 53-минутта Андрес Иньеста есепті 3:0-ге жеткізді. Мұнымен қоймай, 74-минутта Суарес дубль авторы атанып, ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:0, «Барселона» басты қарсыласын тас-талқан етті.

«Реал Мадрид» - «Барселона» 0:4 (0:2)

Голдар: 0:1 – Суарес 11, 0:2 – Неймар 39, 0:3 – Иньеста 53, 0:4 – Суарес 74

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или