«Қайрат» Жастар арасындағы Чемпиондар лигасын сәтті бастады
Бүгін 19 жасқа дейінгі «Қайрат» Жастар Чемпиондар лигасының кезеңі аясында «Раду Ребеж академиясына» қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:1 есебімен қазақстандық клубтың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Олжас Байбек пен Әлихан Исраилов гол соқты. Қарымта кездесу 2 қазан күні Молдовада өтеді.
Айта кетейік, қазақстандық команда екінші айналымға өтсе, Испанияның «Бетисімен» кездеседі.
Ал үшінші айналымға жолдама алса, «Даугавпилс» (Латвия) – «Клифтонвилл» (Н. Ирландия) жұбының жеңімпазымен немесе итальяндық «Сассуоломен» ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или