«Барселона» Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды. «Монаконы» бағындыра ала ма?

«Барселона» Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды. «Монаконы» бағындыра ала ма?

Испания чемпионатын сенімді бастап, бес турда ұпайдан шашау шығармаған «Барселона» Чемпиондар лигасындағы жолын бастайды. Ла Лиганың көшбасшысы Францияда «Монако» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz. 

Жалпы кезең ойыны Астана уақыты бойынша 20 қыркүйек күні 00:00-де басталады. 

Ханси Флик жігіттері Испания чемпионатында 15 ұпаймен көш бастап тұр. Жексенбі күні Каталония дербиінде «блауграна» «Жиронаны» 4:1 есебімен ұтты. «Барселона» Еуропада көп гол соғатын командалардың қатарында. Осы маусымда 17 гол соқты, 4 гол өз қақпасына өткізді. 

«Монако» да қара жаяу емес. Австриялық Ади Хюттер командасы Франция чемпионатында 10 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасқан. «Барса» секілді голды топырлатып соғып жүрмесе де, қорғанысы мығым. Бір гол ғана өткізген. Ол да пенальтиден. 

Екі команда 12 тамыз күні Гампер кубогы аясында кездесіп, «Монако» 3:0 есебімен жеңді. Бірақ, ол жолдастық турнир. Бүгінгі «Барселона» ол кездегі командаға ұқсамайды. 

Букмекерлік кеңсе Tennisi.kz «Монако» командасының жеңісіне 4,05 коэффициент, тең ойынға 4,20, ал «Барселонаның» жеңісіне 1,78 коэффициент ұсынып отыр.

«Барселона» осы маусымда 17 гол соқты дедік. «Монако» қорғанысы осы маусымда ресми матчтарда Левандовски, Ямаль секілді футболшыларға қарсы ойнап көрмеді. Флик шәкірттері білгеннен жаңылмай, кемі екі гол соғады деп бәс тігіп көруге болады. Tennisi.kz бұл нәтижені 1.57 коэффициентке бағалап отыр. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или