ҚФФ президентінің қызметіне байланысты арандатушылық мақала жарық көрді

ҚФФ баспасөз-қызметі бүгін отандық БАҚ-та Ерлан Қожағапановтың қызметін баяндайтын арандатушылық мақала шыққаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бүгін таңертең Zakon.kz басылымында ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың қызметін баяндайтын арандатушылық мақала жарық көрді. Мақала сағат 10:00-де қойылды. Дәл осы уақытта Республикалық футбол форумы басталған еді.

Бұл тапсырыспен жазылған арандатушылық материал. Мәліметтерге сүйенсек, мақала үшін миллион теңгеден астам ақша төленген. Мақаланың авторы көрсетілмеген. Мақала ҚФФ президентінің абыройына нұсқан келтіруді көздеген. ҚФФ президентінің жеке қасиеттері мен жетістіктерін шектен тыс мақтаған.

Бұл - саяси технологияның пасық түрі. Футбол жанашырларын белгісіз біреулердің қолданған арандатушылық әрекеттеріне мән бермей, қазақ футболын дамыту жолында көп еңбекті талап ететін жұмысты жалғастыруға шақырамыз», - деп жазады ҚФФ ресми сайты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или