Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» камбэк жасады, «Бавария» тоғыз гол соқты
УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/2025 жылғы маусымдағы жалпы кезеңінің 1-ші турының матчында италиялық Милан мен ағылшындық «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар Миландағы (Италия) «Сан-Сиро» стадионында (Джузеппе Меацца) ойнады. «Ливерпуль» 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші минутта «Миланның» жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич матчта есеп ашты. Кейін «Ливерпульдің» қарымта голын 23-минутта қорғаушы Ибрахима Конате соқты. 41-минутта қорғаушы Вирджил ван Дейк қонақтарды есепте алға шығарды. Доминик Собослаи 67-минутта таблодағы көрсеткішті, 3:1-ге жеткізіп, қорытынды есеп тіркеді.
Ал, Германия еліндегі Мюнхен қаласында «Бавария» хорватиялық «Динамо Загреб» командасын қабылдады. Алаң қожайындар қарсыласы қақпасына тоғыз доп тоғытты. Шабуылщы Харри Кейн покер авторы атанды. Қарсылас команда екі голмен ғана жауап қатты. Қорытынды есеп - 9:2.