Әліп «Зенитке» Ресей кубогы матчында жеңіске жетуге көмектесті

Әліп «Зенитке» Ресей кубогы матчында жеңіске жетуге көмектесті

Петерборда (Ресей) футболдан Ресей кубогының топтық кезеңінің төртінші турының матчы өтіп, онда жергілікті «Зенит» өз алаңында қазандық «Рубинді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Газпром Арена» стадионында өтіп, 2:0 есебімен «Зениттің» жеңісімен аяқталды. 26-минутта Густаво Мантуан алаң иелерін алға шығарды. 59-минутта Дмитрий Чистяков есепті еселеді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында негізгі құрамда шығып, матч соңына дейін алаңда ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или