«Ювентус» Чемпиондар лигасы матчында жеңіске жетті
Туринде (Италия) УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы бірінші тур ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Туриндік «Ювентус» өз алаңында голландиялық ПСВ Эйндховенмен кездесіп, 3:1 есебімен ірі жеңіске жетті. 21-минутта түрік шабуылшысы Кенан Йылдыз есеп ашты. Алты минуттан кейін Уэстон Маккенни есепті еселеді. 52-минутта Николас Гонсалес алаң иелерінің үшінші голын соқты. 93-минутта Исмаэль Сайбари ПСВ-ның жұбаныш добын соқты.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жаңа форматы бойынша барлық командалар лига кезеңінде сегіз матч өткізеді - төртеуі өз алаңында және төртеуі сыртта. Клубтар барлық қарсыластармен бір рет қана ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или