«Барселонаның» тағы бір ойыншысы жарақат алып қалды

«Барселонаның» тағы бір ойыншысы жарақат алып қалды

«Барселона» Дани Ольмоның жарақатына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Клубтың хабарлауынша, Ольмо «Жиронаға» қарсы ойында (4:1) оң санының сіңірін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 26 жастағы ойыншы 4-5 аптаға қатардан шықты.

Дани Ольмо «Барселона» сапындағы үш матчында үш гол соғып, маусымды сәтті бастаған еді.

Каталониялық клуб сапында жарақат алған ойыншылар тізімі:
– Дани Ольмо
– Френки Де Йонг
– Ансу Фати
– Гави
– Рональд Араухо
– Фермин Лопес
– Андрес Кристенсен

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или