Роналду «Әл-Насрдың» келесі матчында алаңға шықпайды

Роналду «Әл-Насрдың» келесі матчында алаңға шықпайды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының баспасөз қызметі шабуылшы және команда капитаны Криштиану Роналдудың Ирактың «Аль-Шорта» клубымен АФК элиталық Чемпиондар лигасының бірінші турындағы ойынына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Турнирдің лига кезеңінің Батыс аймағында командалар бақ сынауда.

«Әл-Насрдың капитаны Криштиану Роналду бүгін өзін нашар сезініп, оған вирустық инфекция диагнозы қойылды. Команда дәрігері оған демалу керек екенін растады. Ол командамен Иракқа бармайды. Капитанымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген саудиялық клубтың әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

«Аль-Шорта» мен «Әл-Наср» арасындағы ойын дүйсенбі, 16 қыркүйекте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или