Кубок алматылықтардың еншісінде

«Қайрат» клубы футболдан Қазақстан Кубогын иеленді. «Астанаға» қарсы өткен кездесу 1:2 есебімен алматылық команданың пайдасына шешілді.

Ел чемпионы «Астана» мен күміс жүлдегер «Қайрат» арасындағы кездесу қызық өтетіні сөзсіз еді. Владимир Вайсстың шәкірттері Алматыда орын алған олқылықтың орнын толтырып, кеткен есені қайтаруға міндетті еді. Ал елордалық ұжым кезекті мәрті өзінің мықты екенін дәлелдеу керек.

Матч «Астана Арена» стадионында өтті. Ойын қызу басталмаса да, қонақтар қақпаға бірнеше рет қауіп төндіре білді. Дегенмен, 28-ші минутта Патрик Твумаси "Қайрат" қақпасына гол соғып, есеп ашты. Осылайша алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталған.

Үзіліс кезінде Владимир Вайсстан нұсқау алған алматылықтар бірден шабулға көшті. Деспотович кездесудің 48-ші минутында «Астана» қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Көп ұзамай ойынның 70-ші минутында Деспотович дубль жасап матч тағыдырын шешті. Бас төреші негізгі уақытқа 5 минут қосқан, алайда елордалықтар үшін бұл жеткіліксіз болды. Қорытынды есеп 1:2. «Қайрат» - Кубок иегері!

Осылайша, алматалық «Қайрат» қатарынан екінші мәрте Кубокты жеңген тұңғыш команда атанды.

ҚР Кубогы. Финал

«Астана» - «Қайрат» 1:2 (1:0)

Голдар: Твумаси 28, Деспотович 48, Деспотович 69

«Астана»: Эрич, Бейсебеков (Кетевоама 75), Постников, Аничич, Шомко, Мұжықов, Жуков, Максимович, Жолчиев (Кабананга 75), Нөсербаев (Щеткин 86), Твумаси

«Қайрат»: Плотников, Рудосельский (Нұрмұғамет 81), Плиев, Бруно Соарес, Маркович, Бакаев, Қуат (Гурман 87), Исламхан, Сито Риера, Деспотович (Гоу 90), Тимощук

Төрешілер: Чакыр, Дуран, Энгюн (все Турция)

Ескертулер: Шомко 26, Деспотович 43, Маркович 63

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или