Стойлов: «Қайрат» әлі күнге дейін «Астананың» мықты бәсекелесі саналады»

«Қайрат» футбол клубы «Астана» үшін әрқашан жеңіс жолындағы мықты бақталас болып табылады. Бұл туралы бүгінгі жарыс алдында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Астана» ФК бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов айтты.

Дегенмен, жаттықтырушы ҚР Кубогы елордалық команда қоржынына бұйырады деп сенім білдіріп отыр. Кездесу 21 қараша күні «Астана Арена» алаңында өтеді.

«Қайрат» - мықты команда. Ішінен бір-екеуін ғана бөлек атағаным дұрыс болмас. Барлық футболшылар жақсы деңгейде ойнайды деп толық сеніммен айта аламын. Біз үшін бұл команда дәйім қауіпті бәсекелес болды. Қарсыластарымның еңбегі мен талаптарын өте жоғары бағалаймын»,- деді елордалық клуб бапкері.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада өткен жарыс нәтижесінде «Астана» екі дүркін ҚР чемпионы атанды. Сөйтіп, астаналық клуб "Қайратты" 1:0 есебімен артта қалдырды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или