«Реал Сосьедад» - «Реал Мадрид». Анчелотти шәкірттері «Барселонаға» жақындай ма?
Ұлттар лигасының, әлем чемпионатына іріктеу ойындарының қыркүйектегі күнтізбесі аяқталып, футболшылар клубтарына оралады. Испанияда былтырғы чемпион «Реал Мадрид» төрт турдан кейін басты қарсыласы «Барселонаны» төрт ұпай ұзатып алды. Карло Анчелотти шәкірттерін бесінші турда қиын ойын күтіп тұр, деп жазады Prosports.kz.
Қыркүйектің 14-інен 15-іне қараған түні Сан-Себасьтянда жергілікті жергілікті «Реал Сосьедад» «Реал Мадридті» қабылдайды.
«Реал Сосьедад» өз алаңында кез келген алып клубқа ыңғайсыз қарсылас екені анық. Дегенмен осы маусым команда үшін сәтсіз басталды. Иманоль Альгуасиль шәкірттері «Райо Вальекано», «Алавес» секілді командалардан ұтылды.
«Реал Мадрид» осы маусымда ішкі біріншілікте қонақта үш ұпай алған емес. Түзде «Мальорка» мен «Лас-Палмастан» жеңілді. Өз алаңында «Вальядолид» пен «Бетистен» айла асырды.
Tennisi.kz букмекері «Реал Мадридтің» жеңісіне 1.73 коэффициент беріп отыр. Тең нәтижеге - 3.74 коэффициент. Ал, «Реал Сосьедад» жеңеді деп сенсеңіз букмекер 4.95 коэффициент ұсынады.
Алаң қожайындары осы маусымда өз алаңында екі голдан өткізіп жүр. Киллиан Мбаппе мен Винисиус бастаған шабуылшылар қарлылас қақпасына кемі екі доп соғады деген бәске букмекер 1.85 коэффициент ұсынған.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!