Қазақстан кубогы кімге бұйырады

Ертең Футболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталады. Биылғы маусымда өзгелерден оза шапқан қос клуб «Астана» мен «Қайрат» финалда күш сынаспақ. «PROСПОРТ» тілшісі ел кубогының ақтық жекпе-жегіне сараптама жасады.

«Қайрат» кубокты қорғап қала ала ма?

Ел кубогының қазіргі иегері – алматылық «Қайрат». «Халық командасы» былтыр финалда «Ақтөбені» ұтып, тарихында алтыншы рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Биыл да финалда жеңіске жету алматылық ұжым үшін өте маңызды. Маусым бойы чемпионаттың көш басында болған Владимир Вайсс шәкірттері біріншілік аяқталар тұста оңбай сүрініп, қолда тұрған алтыннан айырылып қалды.Жалпы, биыл «Қайрат» алға қойған мақсаттарына жетуге сәл қалғанда ғана сүрініп қала берді. Еуропа лигасы топтық кезеңіне шығуға 15 минут қалғанда гол жіберіп алғаны, чемпионатта өз алаңында «Астанадан» ұтылуы – жанкүйерлердің есінде. Енді алматылықтарға маусымды ойдағыдай аяқтап, жанкүйерлерін қуантуы үшін кубокты қатарынан екінші рет жеңу қажет. Оның үстіне, алматылық ұжым финалда бір рет елордалық команданы жеңіп көрді. 2001 жылы Алматыда Қазақстан Кубогының финалында «Қайрат» астаналық «Жеңістен» басым түскен. Ендігі кезек – «Астана». «Халық командасына» ел чемпиондарына кеткен есенің бәрін қайтаратын кез келді. Оның үстіне, кубоктың иегері болса, «Қайрат» келесі жылы еурокубокты екінші іріктеу кезеңінен бастай алады.

«Астана» «алтын хет-трик» жасай ала ма?

2008 жылы «Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогын, чемпионатын және кубогын жеңіп алған болатын. Бұл – ел тарихындағы алғашқы және әзірше жалғыз «алтын хет-трик». Биыл елордалық «Астана» бір маусымда еліміздегі маңызды үш сайыста да жеңіске жеткен екінші клуб атануға жақын. Биылғы маусымды «Астана» Суперкубокты жеңу арқылы бастаған. Айта кетейік, бұл кездесуде Станимир Стойлов шәкірттері алматылық «Қайратты» қапы қалдырған болатын. Чемпионатта да «Қайрат» қана «Астанаға» қарсылық көрсете алған, дегенмен, біріншілікте де елордалық ұжымның айы оңынан туды. Қазақстан Суперкубогының иегері, ел чемпионы, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық клуб – биылғы маусымды сәтті аяқтау үшін астаналықтарға тағы бір жүлде жетіспей тұр. Бұл – ел кубогы. Ақтық кездесудің «Астана Аренада» өтетінін ескерсек, дәл осы «Астана» кубокты төбесіне көтеріп қалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, бұл клубтар өзара 20 кездесу өткізсе, соның 10-ында елордалық ұжым жеңіске жеткен, «Қайраттың» еншісінде үш қана жеңіс. «Астананың» биылғы тегеуіріні мен статистикасына сүйенсек, елордалықтар «алтын хет-трик» жасап қалуы әбден мүмкін.

Биылғы маусымдағы нәтижелер

Үстіміздегі жылы «Қайрат» пен «Астана» бес рет кездескен. Жоғарыда айтқанымыздай, алғаш рет наурыз айында ел Суперкубогын сарапқа салды. Атақты Юнас Эрикссон төрелік еткен матчтың негізгі және қосымша уақыттарында есеп ашылмай, пенальти сериясында «Астананың» айы оңынан туды. Артынша сәуірде «Қайрат» тағы да «Астана Аренаға» қонақтап келген. Чемпионат аясында өткен кездесуде жанкүйерлер жеті гол көре алды. Астаналықтардың бақытына орай, төрт голды алаң иелері соққан – 4:3. Бұл командалардың өзара кездесуіндегі ең нәтижелі матч осы болған шығар. Кейінгі ойындарда жанкүйерлер екіден артық гол көре алмады. Артынша маусым айында алматылықтар өз алаңында «Астананы» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде қос ұжым да қонақжайлық танытып, өз алаңдарында бір-біріне үш ұпайдан беріп шықты. Алдымен «Қайрат» Астанада жеңіске жетсе, артынша 30-турдағы «чемпиондық матчта» елордалықтар Алматыда үш ұпай еншіледі. Биылғы көрсеткіш осындай. Командалардың осы маусымдағы алтыншы кездесуінде кімнің жеңіске жететінін осы сенбіде білетін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или