Бауыржан Исламхан: «Клуб басшылығына, бапкерлер ұжымына және жанкүйерлерге алғысымды білдіремін»

Бауыржан Исламхан: «Клуб басшылығына, бапкерлер ұжымына және  жанкүйерлерге алғысымды білдіремін»

Алматылық «Қайрат» футбол клубының капитаны Бауыржан Исламхан құттықтау салтанатында команда ойыншыларының атынан сөз сөйледі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайырлы кеш, құрметті қонақтар, жанкүйерлер, қала әкімі және өзіміздің футболшылар! Көргендеріңіздей, арманымызға жетуге бір ғана қадам жетіспей қалды. Ең біріншіден, команда басшылығына, бапкерлер ұжымына үлкен рақмет айтқым келеді және жыл бойы қолдаған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Ойлаймын, жылдан жылға осы жанкүйерлеріміздің қарасы көбейе түседі деп.

Владимир  Вайсс  қолынан келгеннің бәрін істеді, бізге білген-түйгенін үйретті. Осы кісіге рақметімді айтқым келеді. Футболды бір адам емес, команда болып ойнаймыз. Қазір біз үлкен бір отбасымыз. Алдағы финалда бар күшімізді салып, өткен жылғы нәтижені қайталаймыз деп ойлаймын. Жыл бойы қолдау көрсеткен сіздерге үлкен рақметімді айтқым келеді. Келер жылы қолдан келгеннің бәрін істеп, чемпиондықты аламыз», - дейді алматылық команданың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или