Владимир Вайсс: «Биылғы маусым қиын әрі қызықты өтті»

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс күміс медальмен құттықтау салтанатындаағымдағы маусымды қорытындылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Биылғы маусым өте ауыр және қызықты өтті. Алайда футбол маусымы әлі аяқталған жоқ. Алда Кубок үшін финалдық кездесу бар. Кубокты жеңу үшін қолымыздан келгеніміздің бәрін істейміз. Бір өкініштісі, қатарынан екі жылы чемпион атана алмадық. Маусым соңында чемпиондыққа бірнеше қадам қалғанда қателіктер жібердік. Бірде психологиялық түрде дайын болмасақ, енді бірде футболшылардың шеберлігі жетіспеді. Әрине, бапкер болғаннан кейін нәтижеге мен жауап беремін. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік, ал келмегенін келесі маусымда істейміз деп ойлаймын. Бұл команданы, жанкүйерлерін өте қатты сыйлаймыз. Арманымызға не себепті қол жеткізе алмағанымызды саралау қажет, алайда ештеңеге қарамастан бұл маусымда әдемі, жақсы футбол ойнадық. Футболды сіздер, жанкүйерлер үшін, сіздердің көңілдеріңізден шығу үшін ойнаймыз.

Менің ойымша, «Қайрат» дұрыс жолда келе жатыр. Бұған дейін мұндай үлкен клубта жұмыс істеп көрмедім. «Қайрат»- тарихы терең, инфрақұрылымы мықты, жанкүйерлері көп команда. Бұл менің кейін сағынышпен еске алатын кездерімнің бірі болады.

Екі күннен кейін Қазақстан Кубогының финалдық матчы күтіп тұр. Маусымды сәтті не сәтсіз өткізгенімізді айту менің құзырымда емес.Чемпиондыққа бір ғана қадам жетпеді, алайда келер маусымда міндетті түрде чемпион боламыз деген ойдамын. Біз «Қайратты» жақсы көреміз! Бәріңізге қиын әрі әдемі маусым үшін алғысымды білдіремін», - деді словакиялық маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или