Бауыржан Байбек: «Қайрат» Қазақстан спортының тарихын жазуда»

Алматылық «Қайрат» футбол клубын күміс медальмен құттықтау салтанатында қала әкімі Бауыржан Байбек ағымдағы жылды қорытындылап, команданы құттықтау сөзін сөйледі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Биылғы жылғы маусым өте қызықты әрі қиын болды. Команда Еуродада бақ сынап, чемпиондықта соңына дейін күресті. Тағы бір айтарым, «Қайраттың» ойындарына ең көп жанкүйерлер жиналды. Алматылық команда көптеген командаларға үлгі бола алады. «Қайрат» - нағыз «халық» командасы.

«Қайрат» балалар мен жасөспірімдер футболына баса назар аударады. 2014 жылдың қыркүйек айында жасөспірімдер академиясы ашылды. Бұл мектептің түлектері бір жылдың ішінде бірнеше жарыстарға қатысып үлгерді. Берлинде, Санкт-Петербург пен сүйікті қаламыз Алматыдағы өткен турнирлерде бақ сынады. Әр түрлі жастағы бірнеше командамыз ел біріншілігінде жеңімпаз атанды, ал «Қайрат» U-18 келер маусымда жасөспірімдер УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысады.

Ағымдағы маусымның тағы бір атап өтетін жайты, «Қайрат» заманауи деңгейдегі базаны ашты және екі жыл қатарынан Қазақстан Кубогының финалына жолдама алды. Екі күннен кейін елордада «Қайрат» «Астана»командасымен күш сынасады.

Біз «Қайратты» алғашқы күміс медальдарымен құттықтаймыз және алдағы Еуродада тек қана сәттілік тілейміз! Сіздер тек Алматы қаласы спортының тарихы емес, бүкіл Қазақстан спортының тарихын жазудасыздар», - дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Құттықтау салтанатының соңында «Қайрат» футболклубының бас директоры Қайрат Боранбаев қала әкімі Бауыржан Байбек мырзаға күміс медальді табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или