«Ақтөбе» футболшысы ҚПЛ-дағы 100-ші матчында гол соқты

«Ақтөбе» футболшысы ҚПЛ-дағы 100-ші матчында гол соқты

26 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым Премьер-лигада «Елімайға» қарсы ойында (1:3) өзінің 100-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы футболының түлегі Әлібек Қасым Премьер-лигада дебют жасағанға дейін «Қайрат» пен «Қыран» жастар құрамаларында өнер көрсетіп үлгерді. Премьер-лигада «Қызыл-Жар» сапындағы дебютін 2020 жылдың 1 шілдесінде Петропавлда «Оқжетпес» командасымен (3:1) өткен матчта өткізді. 90-минутта Шота Григалашвилидің орнына алаңға шықты.

«Қызыл-Жар» сапында барлығы 38 кездесу өткізіп, 8 гол соққан. Ол бүгінге дейін «Ақтөбе» сапында 62 кездесу өткізіп, 15 гол соқты.

Премьер-лигада барлығы 100 матчқа қатысып, 23 голдың авторы атанды.

 

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или