Ресей кубогы: «Зенит» Әліппен бірге жарыс жолынан шықты

Ресей кубогы: «Зенит» Әліппен бірге жарыс жолынан шықты

Футболдан Ресей кубогының топтық кезеңінің үшінші раундының матчында Санкт-Петербургтің «Зениті» сырт алаңда Тольяттидің «Акронымен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Самара қаласындағы (Ресей) «Самара Арена» стадионының алаңында өтіп, негізгі уақытта жеңімпаз анықталған жоқ - 1:1.  Пенальти сериясында Акрон сенсациялық жеңіске жетті – 5:4.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында алаңға шығып, 37-минутта сары қағаз алып, 46-минутта ауыстырылды. Жаңа маусымда қазақстандық «Зенит» сапында төрт матч өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или