Самородов ойнайтын «Ахмат» Ресей кубогының матчында жеңілді

Самородов ойнайтын «Ахмат» Ресей кубогының матчында жеңілді

Футболдан Ресей кубогының топтық кезеңінің үшінші турындағы ойында Грозныйдың «Ахматы» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-мен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Грозный қаласындағы (Ресей) «Ахмат Арена» стадионының алаңында өтіп, ЦСКА-ның пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Грозныйлық команданың Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов бұл матчқа қатыспады. Бұған дейін қазақстандықтың жарақатынан айығуы жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или