«Тобылдың» экс ойыншысы Зоран Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты

«Тобылдың» экс ойыншысы Зоран Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты

Тобылдың экс ойыншысы Зоран Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты, деп хабарлайды  Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жазда 37 жастағы хавбекке Сербия, Грекия және Қазақстаннан ұсыныстар түскен. Бірақ ойыншы барлығын да кері қайтарған. Бірде-біреуі ойыншының көңілінен шақпапты.

Сербиялыққа әлі де ұсыныстар түсуде. Ол өзіне тамыз соңына дейін жаңа клуб таңдамақ.

Тошич грекиялық «Ламия» командасынан кеткелі бері еркін агент статусында жүр. Сербиялық ҚПЛ-да «Тобыл» сапында 2021-23 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Ол 48 матчқа қатысып, 11 гол және 13 голдық пас берген. «Тобыл» сапында ол Қазақстан чемпионы және суперкубок иегері атанды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или