«Зенит» бірнеше футболшымен келісімшартын ұзартты
Санкт-Петербургтік «Зенит» бразилиялық жартылай қорғаушылар Вендел және Клаудиньомен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб пен жартылай қорғаушылар арасындағы жаңа келісімшарт 2027/28 маусымының соңына дейін есептелген (тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар).
«Зенит» Венделмен Клаудиньоны жаңа келісімшарттарымен құттықтап, оларға Санкт-Петербург клубының сапында жаңа спорттық белестерін бағындыруын тілейді!», - делінген клуб баспасөз қызметінің хабарламасында.
26 жастағы Вендел 2020 жылдың қазан айында «Спортингтен» «Зенитке» ауысты. 27 жастағы Клаудиньо 2021 жылдың тамызынан бері Санкт-Петербургте ойнайды, оны клуб «РБ Брагантинодан» сатып алған.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футболшы Нұралы Әліп «Зенит» сапында қорғаушы ретінде өнер көрсетеді.